Үміт
Үміт

Көптеген адамдар өмірдің оларға берілген сый екендігімен келіседі. Бірақ өмір әрқашан олар ойлағандай бола бермейді. Басына қиындық түскенде адам өмірді сый ретінде емес, ауыртпалық ретінде санайды. Алайда, ислам адамға үміт үзбеуді үйретеді. Бұл мақалада біз үміт үзбеу және оның маңыздылығын қарастырамыз. Сондай-ақ, Ислам дінінің бұл туралы не айтқанын көреміз.

Үміт: жалпы түсінік

Егер адам бір нәрсеге үміттенсе, бұл оның қалаған нәрсесін немесе жақсы нәтижені күтетінін білдіреді. Ол болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Қиын шақтарда адам әр қараңғылықтың соңында жарық бар деп үміттенеді.

Үміт адамның дүниетанымына және оның өмірдің қиын сәттерін жеңе білуіне оң әсер етеді.

 Жалған үміт?

Үміт адамдарға шынымен көмектеседі және олардың көңілдерін  жұбатады, бірақ кейбіреулер үміт еткен нәрсесіне өте қысқа мерзімде қол жеткізгісі келеді. Егер нәтиже жағымсыз болса немесе бәрі күтілгендей болмаса, онда адам ашуға булығады және оның үміті бекер болады десек қателеспейміз.

Бір жазбада келгендей:

«Оның тез әсер ететін уы-бұл өлім әлі алыс екеніне сендіретін жалған үміт. Бұл адамға міндетті нәрселерге қатысты қатыгездік пен жалқаулықты тудырады, ол тыйым салынған нәрсемен шұғылдануға әкеледі.»

Игі істерге деген үміт үшін берілетін марапат-ең жоғарғы нәтижеге әкелетін жақсы ниет сияқты. Алайда, шынайы үміт іс-әрекетпен үйлесуі керек және шариғатқа сай қорқыныш пен Құдайға деген толық үмітпен бірге жүруі керек.

Исламдағы үміт

“Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?” (15:56)

Құранның көптеген аяттары мен пайғамбардың айтқандары, алдыңғы қауымдардағы адамдардың үміттері мен оқиғаларын айтады. Мақсат-мұсылмандарды өмірден бас тартпауға және олардың үмітін жандандыруға шақыру.

Исламда үмітпен бірге жүретін нәрсе ол - қорқыныш.

Имам Ибн әл-Қайим әл-Джаузия былай дейді:

"Аллаға барар жолдағы жүрек құс сияқты, оның басы махаббат, ал үміт пен қорқыныш оның екі қанаты".

Алайда үміт пен қорқыныш толық тепе-теңдікте болуы керек деген пікірлер бар. Жоғарыда айтылғандай, шамадан тыс үміт адамдарды алдап, оларды алдамшы етуі мүмкін. Керісінше, шамадан тыс қорқыныш оларды үмітсіздікке әкеледі. Бұл екі жағдай олар үшін осы дүниеде де, арғы дүниеде қайырлы емес.

Сонымен қатар, ислам өзінің ізбасарларын барлық мәселелерде Құдайға толықтай сенуге үйретеді. Омар (р.а) Алла елшісінің:

«Егер де Аллаға шынайы түрде тәуекел етсеңдер, Хақ тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», деп айтқанын естідім» - деген.

Бұл тұрғыда тәуекел тек Құдайға сенумен ғана емес, сонымен қатар мақсатқа сәйкес дұрыс әрекет жасаудан тұрады. Құстар ұяларында ғажайыппен азық келеді деп күткен жоқ. Оның орнына олар таңертең ерте күнделікті азығын іздеп, ұяларынан ұшты. Және дегеніне жетті.

Нағыз мұсылман-ол қалаған нәрсесіне жетуге тырысатын және барлық күш-жігерін жұмсағаннан кейін Аллаға сенетін адам.

Если мы верим в Бога и полагаемся на Него, мы не будем слишком беспокоиться о непредсказуемом будущем. Как следует из высказывания нашего Пророка, Бог позаботится о нас. Если это так, мусульмане должны также возлагать свои надежды, в конечном счете, только на Бога. В тот момент, когда мы осознаем это, мы поймем, что ни одна из наших надежд не пропадает даром. 

Егер біз Аллаға сенетін болсақ және Оған тәуекел етсек, онда алдымызда не күтетінін қатты уайымдамасақ болады. Олай болса мұсылмандар барлық үміттерін тек Аллаға жүктеу керек. Осы нәрсені түсінген сәтте, үміттеріміздің бекер емес екендігін түсінеміз.

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Дінтану мамандығының 1-курс магистранты: Қожабаев Ғибрат

Жетекші: Бағашаров Құдайберді Сабыржанович 

Казахский национальный университет им, аль-Фараби  https://www.kaznu.kz/ru

 

Gibrat KozhabayevGibrat Kozhabayev
1 жыл бұрын 1322
Пікір білдірілмейді.
Блог туралы
0
0 0 0 0 0